Алматылықтарға ескерту жасалды

Алматылықтарға ескерту жасалды
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Қазгидромет Алматы тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"28 сәуірде Алматы қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. 

Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет 26, 27 және 28 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget