Қазгидромет Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"10 сәуірде Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.
Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет 10, 11, 12 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы күндері батыста, солтүстікте, Қазақстанның таулы аудандарының оңтүстігінде атмосфералық фронттар өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, таулы аудандарда да түнде жаңбыр мен қар жауады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова