Алматылықтарға ескерту жасалды

Алматылықтарға ескерту жасалды
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Қазгидромет Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"9 сәуірде Көкшетау, Жезқазған, Балқаш, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. 

Еске салайық, бұған дейін 8, 9, 10 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Атмосфералық фронтальды бөлімдер өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы алдағы күндері де сақталады. Найзағай ойнап, тұман түсіп, жел күшейеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget