Алматылықтарға ескерту жасалды

Қазгидромет Алматы тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"4 сәуірде Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. 

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 3, 4, 5 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Кезекті циклон ел аумағына ығыса бастаған. Сондықтан жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік аймақтарда түнде қар жауады, ал кейбір өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін.

5 сәуірде Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!