Қазгидромет Алматы тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"3 сәуірде Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 3, 4, 5 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Кезекті циклон ел аумағына ығыса бастаған. Сондықтан жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік аймақтарда түнде қар жауады, ал кейбір өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін.
5 сәуірде Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова