Биыл 2-6 мамыр аралығында Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Өткен тәулікте ауа райының қолайсыздығына байланысты гидрологиялық ескерту жарияланды. 2-6 мамыр аралығында Алматы облысында қар көшкіні қаупі сақталады. Сондықтан қарлы беткейге шықпаңыздар, тауда абай болыңыздар", - деді хатшысы Алина Ысмағұлова ОКҚ-да өткен брифингте.
Сондай-ақ "Қазгидромет" өкілі елімізде сел жүру қаупі барын да атап өтті.
"Мамырдан қыркүйекке дейін созылатын сел қауіпінің күшеюі кезеңінде "Қазгидромет" РМК Қазақстанның таулы аумақтарында жауын-шашыннан болатын сел қаупіне мониторинг жүргізеді. Күн сайын сел қаупі туралы бюллетень шығарылады. Ақпарат әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік уәкілетті органдарға беріліп, порталдарда жарияланады. Барлық дерек "Қазгидромет" сайтында қолжетімді", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!