Қалада ауа райының нашарлауына байланысты электр қуатын, оның ішінде сыртқы жарықтандыру желілерінде апаттық ақау болуы мүмкін. "Алматы қала жарық" және "Алатау жарық компаниясының" апатты бригадалары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Кезекші бригадалар барлық өтінішке жедел ден қояды және ақауларды тез арада жою үшін жұмыс істейді. Барлық ажырату туралы ақпаратты "АЖК" АҚ ресми сайтындағы Алматы электр энергиясын ажыратудың интерактивті картасы бөлімінен алуға болады. Электрмен жабдықтаудың үзілу себептеріне қатысты ақпаратты жедел ұсыну мақсатында "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС "Байланыс орталығына" 356-99-99 телефоны бойынша хабарласуды ұсынамыз. Сыртқы ажыратулар болған жағдайда: 8771-718-24-39, 8771-718-24-56, 390-20-40, 390-20-60 "Алматы қала жарық", - делінген хабарламада.
Диспетчерлік пункттер тәулік бойы жұмыс істейді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!