31 жастағы тұрғын алматылықтарға АҚШ-қа виза алып беруге уәде берген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Күдікті өзін табысты өнер адамы, продюсер, сценарист ретінде көрсеткен. Ол өзін Instagram парақшасында 90 мың аудиторияға осылай таныстырды.
"31 жастағы К.есімді азамат көркемдік қызметімен қатар, АҚШ-қа виза "рәсімдеумен" айналысқандығы белгілі болды. Алдын ала мәліметке сүйенсек, ол әлеуетті тұтынушылардан алдын ала төлем алып, кейін байланысқа шығуын тоқтатқан. Полицияға арызбен 9 адам жүгінген. Олар ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен тіркеліп, бір өндіріске біріктірілді", - деді Әуезов аудандық полиция бөліміне қарасты полиция бөлімі бастығының орынбасары Тимур Мулинов.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, алданған адамдардың бұдан да көбірек болуы мүмкін. Тергеушілер ықтимал басқа эпизодтарды анықтаумен айналысып жатыр. ҚР Конституциясының талаптарына және ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!