Әкімдік Алматы тұрғындарына алаяқтық туралы ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы әкімдігі мәліметінше, өзін олардың қызметкерімін деп таныстыратын әйел пайда болған.
"WhatsApp мессенджерінде Алматы әкімдігінің қызметкерімін деген Галина Маленкованың атынан +7 747 43 87 680 нөмірі бойынша жалған хабарламалар жазылып, тарап жатыр әрі қоңырау да шалады. Ресми түрде бұл тұлға әкімдіктің қызметкері емес екенін мәлімдейміз. Бұл алаяқтық!" - деп ескертті әкімдік өкілдері.
Қала тұрғындарынан мұндай хабарламаларға жауап бермеу, күдікті сілтемелерді ашпау, жеке деректі жібермеу сұралды.
"Сақ болыңыз және тек ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сеніңіз! Күдік туындаған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласыңыз", - деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова