Құтқарушылар алматылықтарға алдағы екі күнде тауға шығудан бас тартуды ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 29-30 тамыз аралығында Алматының таулы аймақтарында еңіс ағыны қалыптасып, өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін. Сол себепті мұндай кезде су басу қаупі бар.
"Ауа райының қолайсыздығына байланысты Іле-Алатау тауларына бармауларыңызды сұраймыз", - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Алматыда сондай-ақ найзағай ойнап, екпіні секундына 15 метрге жететін жел соғады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!