Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезінді. Сейсмологтар тұрғындарға дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 24 ақпанда сағат 4.58-те жер сілкінісі тіркелді. Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 276 км жерде орналасқан Қытай аумағында - афтершок.
ТЖМ мәліметінше, Алматы қаласында - 3 балл. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ. Жағдай тұрақты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!