Алматылықтар орта есеппен қанша жалақы алып жүргені белгілі болды

Алматылықтар орта есеппен қанша жалақы алып жүргені белгілі болды
Фото: Коллаж: depositphotos.com

Алматылықтардың орташа айлық жалақысы 15,5 пайызға өскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала экономикасы басқармасында алматылықтардың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды.

"Жылдық инфляция тамыздағы 8,6 пайыздан қыркүйектегі 8,3 пайызға дейін баяулады. Бұл азық-түлік тауарлары бағасының 7,7 пайызға дейін және азық-түлік емес тауарлар бағасының 5,6 пайызға дейін өсуінің төмендеуіне байланысты. 2024 жылдың соңына дейін жылдық инфляция 7,5-8 пайызға дейін, 2025 жылы 6,5 7,5 пайызға дейін төмендейді деп күтіліп отыр", - деп хабарлады Алматының экономика басқармасы.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында атаулы ақшалай кірістер орта есеппен 22 пайызға 292 мың теңгеге дейін өсті (ҚР-9,2 пайызға 201,1 мың теңгеге дейін). Шын мәнісінде өсім 11,6 пайыз (ҚР-0,3 пайызға).

Орташа айлық жалақы 468 мың теңге болды (республика бойынша 392,6 мың теңге). Номиналды мәнде жалақы 15,5 пайызға, нақты мәнде 5,7 пайызға өсті.

2024 жылдың 9 айында 50,5 мың жұмыс орны құрылды, оның 77,9 пайызы тұрақты.

Сондай-ақ Алматыда жоғары инвестициялық белсенділік сақталуда. Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға 8,1 пайыз өсіммен 1,1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Жеке инвестициялардың өсуі 8 пайыз және 1 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Жалпы, 2024 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2 трлн теңгеге дейін, 2025 жылы 2,35 трлн теңгеге дейін ұлғаяды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина