Алматылықтар жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 20 мамырда Алматы уақытымен сағат 10.10-да жер сілкінісін тіркеді.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында (Алматы қаласынан оңтүстіке қарай 380 шақырым жерде) орналасқан. Алматыда 2 балл болып сезілді", - деп жазылған ТЖД хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!