Алматыдағы ботаникалық баққа аққулар қайта оралғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Аққуларымыз қыстан аман шығып, оларды ботаникалық баққа қайтарғанымызды қуана хабарлаймыз. Бұл құстар біздің әсем тоғанымызға келіп, ботаникалық бақтың атмосферасына бұрынғыдан да сұлулық пен үйлесімділік қосты", - деп жазылған хабарламада.
Дегенмен аққулар мен балықтарға тамақ беруге тыйым салынғаны ескертілді.
"Бізде тоғандағы құстар мен балықтардың денсаулығы мен әл-ауқатына қарайтын кәсіби мамандар бар. Мамандар тағамның қажет мөлшері мен сапасын дер кезінде анықтап, олардың рационын қатаң бақылайды. Зиян тағам аққулар мен балықтардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Аққуларымыз бен балықтарымызды бірге бағып, оларға қолайлы жағдай жасайық", - деп жазылған хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова