Алматылықтар автобустарда жол ақысын төлей алмай жатыр: себебі аталды

Алматы тұрғындары қоғамдық көлікте жол ақысын төлей алмай жатқандарына шағымданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Onay көлік компаниясы бұзылудың себебін атады.

"9 тамызда сағат 23:00-ден бастап Алматы Көлік холдингінің желісіне DDOS шабуылы жүріп жатыр. Кейбір пайдаланушылар DDos шабуылына байланысты мобильді қосымшаның кейбір қызметтеріне шектеулер, көлік карталарын толықтыру, QR арқылы төлем жасауы мүмкін", - деп хабарлады компания.

Олар автобустардағы жабдық тұрақты жұмыс істейтінін айтты. Жол жүру ақысын көлік карталары, смс, ONAY мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асыруға болады.

"Мамандар мәселені шешумен айналысады. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деді ONAY компаниясының өкілі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!