- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматылық зейнеткерлер қоғамдық...
Алматылық зейнеткерлер қоғамдық көлікте неге тегін жүрмейді? Досаев жауап берді
Алматы әкімі Ербола Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде неге зейнеткерлерге жол ақысына қатысты жеңілдіктер жоғын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматының тұрғыны алматылық зейнеткерлердің 75 жасқа толғаннан кейін ғана жол ақысын төлемей, тегін жүруге рұқсат етілгеніне шағымданды. Оның айтуыша, Астанада 63 жасқа толған кез келген зейнеткер қоғамдық көлікте тегін жүреді.
"Әр қаланың өз ережелері бар. Бізде Астанада немесе басқа қалаларда жоқ жеңілдіктер бар. Мен жеңілдік берілген адамдар тобы үшін жәрдемақыға жұмсайтын қаражат көлемін оңтайлы деп санаймын. Егер сіз 63 жаста зейнетке шықсаңыз, бұл жеңілдік сізге автомат түрде берілуі керек деген сөз емес", - деді әкім.
Досаев қоғамдық көліктердің субсидияланатынын, жол жүру ақысы бұрынғысынша 80 теңге болатынын атап өтті.
"Бізде әлеуметтік бағыттағы бюджет бар. Бұрын қабылданған барлық міндеттемені толық орындауға тырысамын", - деді әкім.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек