- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматылық тұрғынның құны...
Алматылық тұрғынның құны 90 миллион теңге тұратын үш көлігін ұрламақ болған
Қарасай аудандық полиция бөліміне 23 жастағы Алматы тұрғыны хабарласқан. Ол 20 шілдеде Алматы - Бішкек тасжолында Қаскелең қаласына жақын жерде бейтаныс біреулер алаяқтық жолмен үш Lixiang Li9 көлігін иемденіп кеткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Келтірілген жалпы шығын - 90 миллион теңге.
"Аталған алаяқтық фактісі бойынша аудандық ішкі істер органдарына тіркелді. Қазіргі уақытта толық тергеу үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қарасай ауданының полиция қызметкерлері ҚР ІІМ ТЖК-нің келісімімен күдіктілер тобын ұстады, ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан