Алматылық тұрғын зейнеткердің 4 млн теңгесін қолды қылған

Ақтөбедегі зейнеткердің 4 млн теңгесін алаяқтық жолмен иемденген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күдікті әлеуметтік жұмыс қызметкерінің атын жамылып, 72 жастағы зейнеткерге жаңа ақша айырбастау жүргізіліп жатқанын хабарлаған. Әйелдің айтқанына сеніп, зейнеткер оған 4 млн теңге берген.

Зейнеткер алаяқтықтың құрбаны болғанын түсінгеннен кейін бірден полицияға жүгінген. Полиция қызметкерлері күдікті Алматы қаласының тұрғыны екенін анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді.

Тергеу барысында әйел өзінің кінәсін мойындады.

"Күдікті ақшаны өз қажетіне жұмсағанын түсіндірді. Полиция қызметкерлері кез келген жағдайда сақ болуға шақырады", - деп ескертті полиция.

Еске салайық, бұған дейін Абай облысында студент виза аламын деп алаяққа алданып қалғаны хабарланды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!