Алматылық тұрғын "Назарбаев мінген" көлігін сатып жатыр

Kolesa.kz порталында 1993 жылғы Mercedes-Benz S-Class маркалы көлігі сатылымға қойылды. Көлік иесінің сөзінше, бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың көлігі екен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Портал мәліметінше, көлік құны - 30 миллион теңге. Сонымен қатар, седанның жүрісі 29 жылдан аса уақытта 37 930 шақырым ғана болған.

Хабарлама авторы әрі көлік иесі бұл кезінде Назарбаев мінген көлік екенін, оған дәлел ретінде 01 KZ мемлекеттік нөмірі бар ескі суретті көрсеткен. 

"ҚР Тұңғыш президентінің көлігі! 2008 жылы саудада сатып алынған. 600 SEL брондалған арнайы сериясы. Антиквариат", - дейді жазба авторы. 

Сұр түсті былғарыдан жасалған салонның бүйір терезелері пердемен жабылған, алдыңғы және артқы орындарында жылыту функциясы бар. 408 аттың күші бар. 

Айта кетейік, бүгінде бұл хабарлама сайтта архивте орналасқан. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!