- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматылық таксистер енді...
Алматылық таксистер енді қалаға келген туристерді алдай алмайды
Алматылық таксистер енді туристерді алдай алмайды. Өйткені халықаралық әуежайда орташа баға жазылған қағаздар ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.
Туризм басқармасы сол жазулар қонақтардың алданып қалуынан сақтайды деп отыр.
"Осындай оқиғаларға байланысты арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамында мемлекеттік органдар, полиция бөлімі, туризм басқармасының өкілдері бар. Олар өзара ақылдасып, тиісті шешімдер қабылдады. Ақпараттық баннерлер басы ғана, қабылданған шараларды дамыту жоспарда бар", - деді Алматы халықаралық әуежайы корпоративтік байланыстар департаментінің басшысы Найля Жабагина.
Негізі Алматыдағы әуежай тек сырттан келгендерді емес, ішкі рейстерді де қабылдайды, бірақ қаладағы орташа бағаны әзірге шетелдіктер мен өзге елге барып келген отандастар ғана көре алады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан