Алматылық таксист Үндістан азаматын әуежайдан қонақүйіне жеткізгені үшін 40 мың теңге сұраған

Алматылық таксист Үндістан азаматын әуежайдан қонақүйіне жеткізгені үшін 40 мың теңге сұраған

Алматыда тағы бір шетел азаматы таксистің құрбаны бола жаздады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде такси жүргізушісімен сөз таластырып жатқан ер адамның видеосы тарады. Олар жол ақысына келісе алмай жатыр. Бірі "Әуежайдан Наурызбай ауданындағы үйге дейін жеткізгеніне 40 000 теңге талап ету орынсыз" десе, ал такси жүргізушісі бұл қаланың сыртында, таулы жерде орналасқанын айтқан.

"Бүгін сағат 06:30-да біздің қонақ үйге Үндістан азаматын әкелді. Такси қызметін көрсеткен адам шетел азаматынан 40 мың теңге талап етті. "Яндекс.Таксимен" бағаны салыстырсақ, бизнес-класпен 6 мың теңгеге жетуге болатынын көреміз. Қонағымыз төлейтін ақшасы жетпей қорқып, 5 градус аязда, көшеде 30 минут тұрып қалды", - делінген жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kris P Brothers️️️ Official (@kris_p_brothers)

Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, бұл оқиғаға қатысты арыз түспеген. Алайда полицейлер шетел азаматымен байланысып, желілік полиция бөліміне келуін сұраған. Бұл кезде үндістандық Медеуде болған, "Кешке келемін" деп уәде берген.

Кейінірек көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл даудың соңында Үндістан азаматы такси жүргізушісіне 15 мың теңге төлеуге мәжбүр болғанын хабарлады.

"Такси жүргізушісі келтірілген шығынды толығымен, яғни 15 мың теңгені өтеген. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 449-бабының 1-бөлігі "Қоғамдық орындарда қорлау" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, мұның алдында такси жүргізушісі Алматыға келген шетелдікті 45 мың теңге төлеуге мәжбүрлегенін жазған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан