- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматылық таксист шетел...
Алматылық таксист шетел азаматын әуежайдан қонақүйге 45 мың теңгеге апарған
Италия азаматы такси жүргізушісіне Алматы әуежайынан қонақүйге дейін 45 мың теңге төлеген. Бұл туралы ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов айтты, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Мадияр Айтуғановтың айтуынша, қала тұрғынынан шетел азаматын аса қымбат бағамен жеткізіп тастаған жүргізушіге шара қолдану керектігі туралы өтініш түскен.
Көп өтпей жедел іздестіру шаралары нәтиже беріп, жеке такси қызметін көрсетіп жүрген адамның кім екені анықталған.
Г. Досымшалова"Бұл Алматы облысының 48 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам әуежайдан Бөгенбай батыр көшесіндегі қонақүйге дейін тым жоғары баға айтып, шетелдік азаматшаны жаңылыстырған. Құқық бұзушыға Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 449-бабы 1-бөлігі бойынша шара қолданылды, - дейді Мадияр Айтуғанов.