Алматыда әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған соттың судьясы сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілінді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ақпаратты растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде 22 қазанда Алматыда "пара алу кезінде әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған соттың судьясы ұсталды" деген ақпарат тараған болатын.
ҰҚК-нің мәліметінше, судья пара алды және алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.
"ҰҚК ҚР Қылмыстық кодексінің 366 (Пара алу) және 190- (Алаяқтық) баптары бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз", - деп жазылған ҰҚК хабарламасында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!