- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алаяқтардың әрекеті
Алматылық студенттер маңғыстаулықтардың 130 миллионын жымқырған
Маңғыстау облысында өзін ҰҚК қызметкеріміз деп таныстырған алаяқтар жергілікті тұрғындардың 133 миллион теңгеден астам қаражатын жымқырып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысында жәбірленушілердің қаражаты 20-дан астам дроппердің шоттарына аударылғаны анықталды.
"Прокуратураның үйлестіруімен полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде, дропперлердің басым бөлігі Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері екені белгілі болды. Аталған дропперлер қаражатты 26 және 21 жастағы адамдардың есепшоттарына аударғаны анықталды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина