Алматылық шебердің қолынан шыққан домбыраға шетелдіктер де тапсырып беріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар24" телеарнасына сілтеме жасап.
Алматылық Талғат Жанасылов 2009 жылдан бері кәсіби түрде домбыра жасайды.
"Музыкалық аспап шеберлері көп болғанымен, күмбірлеген дыбысын қоя алатындар сирек", - дейді ол.
Домбыра күйші немесе әншіге лайықтап жасалады екен. Соған қарай ағашы таңдалып, шанағы шабу немесе құрама әдіспен ойылады. Әрмен қарай мойыны мен басы орнатылған соң негізгі кезеңге өтеді.
"Ең басты жұмысымыз, жаңағы дыбысқа отырамыз. Сол кезде домбыраның бет қақпағын жасаймыз. Ол Тянь-Шань шыршасынан жасалады. Ең ауыр жұмыс сол кезде басталады. Дыбыс іздеп, дыбыс шығару жағынан. Ал одан өткеннен кейін әрлеу жағы ары қарай кішкене жеңілдейді", - дейді ол.
Шебердің қолынан шыққан аспаптар өнер ордалары мен мектептерде кеңінен қолданылып жүр. Кейінгі жылдары АҚШ, Түркия, Қытай, және Ресейдің музыканттарынан тапсырыс көбейген. Ол домбыраны негізінен қайың, үйеңкі, шырша, жаңғақ және тропикалық қызыл ағаштан жасайды.
"Талғаттікі де қолға өте жағымды, дыбысы да бәрі жақсы. Бағасы қолжетімді. Біздегі мынау музыкалық мектептердің балалары, өзімнің шәкірттерім болсын, бәрі сол Талғаттың домбыраларын алған", - дейді күйші Нұркен Әшіров.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!