- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматылық сейсмологтар жер...
Алматылық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді
9 шілдеде сейсмологтар Алматыдан 266 шақырым жерде магнитудасы 4,8 балл болатын жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жер сілкінісі 9 шілде күні күндіз Алматы уақытымен 14:54-те тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Қытайда орналасқан.
Магнитудасы - 4,8 балл, тереңдігі - 10 шақырым. Жер сілкінісі сезілмеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан