Полиция ұрланған 21 тонна мотор майын иесіне қайтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құны 14 миллион теңгеден асатын мотор майының ірі партиясын иемденген алаяқ ұсталды.
"Алматы тұрғыны тауарды оңтүстік астанадан көрші елге тасымалдауға уәде берген. Алайда міндетін орындамай, майды үшінші тұлғаларға төмен бағада сатып жіберген. Әрі қарай бөшкелер қолдан қолға бірнеше рет қайта сатылып, Шымқаладағы кезекті сатып алушыға түседі. Осы жерден тәртіп сақшылары тауарды тәркіледі", - деп жазылған хабарламада.
Тергеу барысында құқық қорғаушылар күдіктіні қамауға алды. Қозғалтқыш майы заңды иесіне қайтарылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова