Бір кездері әйгілі "Горельник" термалды бұлағын салған алматылық кәсіпкер, меценат Спицын мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол қазіргі уақытта ыстық бұлақтың жағдайы нашар екендігі жайлы ақпаратты жоққа шығарды.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде киім ауыстыру кабиналары қоқысқа толып, жалпы емдеу аймағының астаң-кестеңі шығып жатқанын көрсеткен бейнежазба тараған болатын.
Кейінірек бұл бейнежазба бірнеше жыл бұрын түсірілгені анықталды. Сол кезде бұлақ аумағын тазалау және оны таза ұстау мәселесін экобелсенді дереу шешкен.
Қазір меценат тәртіпті қадағалауды жалғастырып отырғанын айтып, жақында мұнда дәретхана салуға уәде берді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!