Алматы тұрғындары жергілікті жүргізушінің әрекетіне наразы болды. Ер адам Instagram-дағы жеке аккаунтында жолдағы қауіпті маневрлері түсірілген видеоларды белсенді түрде жариялап отырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеоларға қарағанда, ер адам басқа көлік жүргізушілеріне әдейі қауіп төндіреді. Оның көлік айдау стилінен ережелерді сақтамағанын ғана емес, сонымен қатар адамдардың өміріне қауіп төндіретінін де көруге болады.
Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті полиция қызметінің жедел іздестіру бөлімі бұл істі тексеріп жатыр.
"Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізуші міндетті түрде ұсталып, жауапкершілікке тартылады. Полицейлер қала жолдарында мұндай әрекетке жол берілмейтінін еске салады. Әрбір осындай фактіге түбегейлі құқықтық баға беріледі", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әзірше оқиғаның егжей-тегжейі белгісіз.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!