- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматылық жастар референдум...
Алматылық жастар референдум туралы ойын айтты
Алматылық жастар референдумға белсенді қатысып жатыр. Олар референдум жайлы ойын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда сайлау учаскелерінде жастардың көптеп келіп жатқаны анық байқалады. Олар үшін бұл тек өз азаматтық міндеттерін орындау ғана емес, сонымен қатар ел болашағына тікелей әсер ету мүмкіндігі болып отыр. Әсіресе елімізде АЭС салынуы жастардың назарынан тыс қалмады. Көптеген жастар бұл шешімнің тек энергетика саласы үшін ғана емес, елдің экономикалық тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін де маңызды екенін түсінеді.
«Мен үшін бұл тек дауыс беру емес, Қазақстанның болашағына деген жауапкершілікті сезіну. АЭС салу – біздің ел үшін өте қажет және маңызды қадам деп ойлаймын. Бұл энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге және экономикамызды тұрақты дамытуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті референдумға келген жас маман.
Жастардың пікірінше, дәл осындай сәттерде әр азаматтың дауысы маңызды рөл атқарады.
«Еліміздің болашағын біз, жастар, құра аламыз. Сондықтан референдумға келіп, өз пікірімізді білдіру – біздің міндетіміз», – деді студенттердің бірі.
Сонымен қатар кейбір жастар референдумға алғаш рет қатысып отырғандарын атап өтті, бұл оларға ерекше тәжірибе мен жауапкершілік сезімін береді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина