• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Алматылық жастар 5% мөлшерлемемен ипотекаға пәтер ала алады: шарттары қандай?

Алматылық жастар 5% мөлшерлемемен ипотекаға пәтер ала алады: шарттары қандай?
Фото: depositphotos.com

"Алматы жастары 2025" бағдарламасына өтініш қабылдау басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2025 жылғы 14-26 наурыз аралығында 35 жасқа дейінгі қала жастары үшін "Алматы жастары" бағдарламасы аясында жеңілдетілген тұрғын үй несиелерін алу бойынша өтініш қабылдау басталды.

Бағдарламаға қатысуға өтінішті www.almaty-zhastary2025.kz ресми сайты арқылы беруге болады, авторизация электрон цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асырылады.

Бағдарлама шарттары:

  • Ең жоғарғы несие сомасы – 20 млн теңгеге дейін;
  • Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
  • Бастапқы жарна – 10%;
  • Бастапқы және қайталама тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі;
  • Бағдарлама кемінде 2550 адамды қамтиды, оның ішінде 1050-і "Жұмыс істейтін жастар" бағдарламасының жалға алушылары.

Бағдарламаға қатысу үшін негізгі талаптар:

  • Өтініш беруші мен оның жұбайының (зайыбының) өтініш беру кезіндегі Алматы қаласында тұрақты тіркеуі болуға тиіс.
  • Өтініш берушінің жасы өтініш беру сәтінде 35 жастан аспауға тиіс (жұбайының жасына қарамастан). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптының біреуі ғана қатыса алады (бар болса).
  • Өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің меншігінде тұрғын үй болмауға тиіс, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағында кейінгі 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайын әдейі нашарлату деректері болмауы керек.
  • Өтініш беруші кейінгі 6 айда Алматы қаласында ресми түрде жұмыс істеген болуы керек және міндетті зейнетақы жарналары төленуі қажет. Қатысушы таңдаған мына салалардың бірінде еңбек өтілі болуы керек: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары, журналистика, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары, қалалық коммуналдық қызметтер.

"Жұмыс істейтін жастар" бағдарламасының (2019-2024 жылдар аралығында) жалға алушылары үшін жас шектеулері, тұрғылықты тіркеу және ресми еңбек өтіліне қойылатын талаптар қолданылмайды.

Қосымша ақпаратты қайдан алуға болады?

  • Толық ақпарат www.almaty-zhastary2025.kz сайтында қолжетімді.
  • Анықтама телефоны: +7 (727) 225 14 57

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget