Алматылық дәрігерлер жаңа туған нәрестеден алып мөлшердегі ісік - линфангиоманы алып тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы ҚДБ баспасөз қызметі мәліметінше, сәби шала туған, салмағы - 2,495 грамм. Туа біткен ісік оң жақ қолтық тұсында пайда болған және денсаулығына кері әсерін тигізген. Дәрігерлер тыныс алу және жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігі, I дәрежелі қан айналымы бұзылуы диагнозын қойған. Ісік бала ағзасының қалыпты жұмысына кедергі келтірген.
Туған кезде баланың жағдайы өте ауыр деп бағаланған. Екі апта бойы дәрігерлер кішкентай сәбидің өмірі үшін күрескен.
"Диагноз - оң жақтағы қолтық асты аймағының үлкен лимфангиомасы, өлшемі 12-ден 17 сантиметрге дейін. Шала туған, 34 апта. Ота 75 минутқа созылды. Ол сәтті өтті, бала сауығып, ауруханадан шығарылды", - деді Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының хирургі Жалғас Құниязов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!