Алматылық фармацевт қылмыстық топқа жеткізу арнасын ұйымдастырған

Алматылық фармацевт қылмыстық топқа жеткізу арнасын ұйымдастырған
Фото: Видео кадры

Ішкі істер министрлігі күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымын тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1 қаңтардан бастап күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қылмыстық жауапкершілік енгізілген. Ақтөбе облысында осындай заттарды заңсыз өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі әшкере болды.

Жедел тергеу іс-шаралары барысында Алматы қаласындағы дәріханалардың бірінің фармацевті заңды қызметін пайдаланып, күшті әсер ететін заттардың ірі көлемін Ақтөбе облысына жеткізуді ұйымдастырғаны анықталған.

"Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде қылмыстық топтың барлық мүшесі, соның ішінде ұйымдастырушы, оператор, ораушылар және заттарды жасырумен айналысқан күдіктілер ұсталды. Заңсыз айналымнан мыңнан аса препарат тәркіленді", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің аға жедел уәкілі Үмітбек Фархадов.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget