- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматылық энтузиастар дәрі...
Алматылық энтузиастар дәрі табуға көмектесетін сайт ашты
Блогер Арман Юсупов программист және өзге мамандардан құралған командасымен бірге дәрі табуға көмектесетін komek2020.kz сайтын ашты. Сайтта дәрі іздегендер, артық дәрісі барлардың немесе басқаша көмектесе алатындардың тізімі бар.
Сайттағы тізімге аты-жөніңіз бен байланыс нөміріңізді енгізіп, керек дәріні жариялау үшін "Маған көмек қажет" (Мне нужна помощь) бөліміндегі Google-форманы толтыру қажет. Қазір тізімде дәрі іздеп көмек сұрағандардың саны 1500-ге жуық.
Көмектескісі келетіндер де "Көмектескім келеді" (Я хочу помочь) бөліміне өтіп, форманы толтыруы керек. Бұл тізімге Қазақстанның әр аймағынан 300-ден аса адам тіркелген. Олардың арасында артық дәрісі барлардан бөлек, консультация беруге дайын дәрігер, медбике, үйінің қасындағы дәріханада қандай дәрі бар екенін айтуға дайын еріктілер, қаржылай көмектескісі келетіндер де бар.
"Біз Карина екеуіміз ауырып қалдық та, дәрі таппай қиналдық. Бізге директке (Инстаграм) көп адам дәрі, жасанды дем беретін аппарат табуға көмектесуімізді сұрап жазады. Арамызда дәрісі артылып қалған, дәріханада таусылған аппараты бар адамдар жетерлік деп ойлаймыз. Сондықтан біз командамызбен бірге ашық анкетасы бар сайт жасап шықтық.
Мен әрқайсыңызды қалыс қалмай, өзгеге көмектесуге шақырамын. Қазіргі ситуацияда әр адамның ықыласы маңызды", - дейді блогер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram