- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматылық әйел 3...
Алматылық әйел 3 баласымен терезеден секіріп кетті: атышулы іс қалай аяқталғаны белгілі болды
Алматы прокуратурасы кішкентай 3 баласымен бірге 9-қабаттан секірген әйел ісіне қатысты тергеу қалай аяқталғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еске салайық, қайғылы оқиға 2021 жылғы қарашада "Жетісу" шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған еді. 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш кішкентай баласы бар 28 жастағы әйел 9-қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Әйел мен екі бала оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір баласы жедел жәрдем көлігінде қаза тапты.
Прокуратура 2021 жылғы 22 қарашада балаларымен бірге қаза тапқан әйелдің өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлады.
2022 жылғы 27 ақпанда қылмыс құрамының болмауына байланысты іс қысқартылды. Айта кетейік, бұған дейін әйелдің әрекетіне күйеуімен бір күн бұрын болған жанжал себеп болғаны айтылды.
Прокуратура ана мен оның балаларының өліміне қатысты тағы бір істің тергеу барысына қатысты пікір білдірді. 2022 жылғы 7 тамызында Мамыр шағынауданындағы пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар әйел мен оның екі баласының мәйіті табылды. 2022 жылғы 6 тамызда балалар мен әйелдің өлімі бойынша Әуезов аудандық ІІБ-нің полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі "Адам өлтiру" бойынша соталды тергеуді бастады. Кейін бұл іс Алматы полициясының тергеу бөліміне тапсырылды.
2022 жылғы 28 желтоқсанда күдіктінің өліміне байланысты іс жабылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек