- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматылық асаба "қонақтар...
Алматылық асаба "қонақтар тойға ақша әкелмесін" деген ұсыныс айтты
Алматылық асаба Асхат Қылышбек қазақтың тойы қып-қызыл шығынға айналып бара жатқанын айтып, осыған қатысты өзінің ұсынысын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Тойға қонақтар ештеңе әкелмесе, шіркін... Шамасы жеткендер той жасап, дастарқан жайсын жақындарына. Батасын алсын! Сауабын алсын! Ақшасын емес... Ол ақша бәрібір той иесіне де пайда емес, ресторанды жабуға жетсе жақсы. (Қазір Алматыда адам басына 15 000-нан кем тойхана жоқ. Жұбымен барған қонақ 30 мыңнан кем апарса ұят. Ал айлығы 100-200 мың тг. Айына 10 той шақырады жазда көресің! Үйіне не қалды сонда?) Жарайды, үйлену тойға жас отауға көмек ретінде берсін аямай сыйлық. (Қаржылай) Мейлі, сүндет тойға да... Басқа тойларға қонақтар тегін келіп, демалып қайтса ғой. Сонда ресторан қожайыны мен әртістерді асырайтын қаптаған тойлар азаяр ма еді дейді бір ойым. Бәлкім, ел қолдап кетер. Әйтпесе, 20, 30, 40 жас той не керек? Тойдың түр-түрі бар қазір. (Мысығының туған күніне де той жасағанды көрдік қой желіден.) Қарапайым халыққа обал, шынында", - дейді асаба.
Оның бұл ұсынысын қолдап жатқандар көп. Мәселен, жазушы, баспагер Арман Әлменбет "Кеше бір тойға бардық. Компанияның наурызы. Ұйымдастырып жатқан компания басшылары, қонақтар - қызметкерлер. Шын той енді. Той деген осындай болуы керек қой, қонақтардың бәрі қуанып келіпті деді бір жігіт. Сосын ойладым не ерекшелігі бар деп. Сөйтсем, біріншіден, ешкім тост айтпайды екен. Екіншіден, келген адамдар сыйлық әкелген жоқ. Оған тыйым салыныпты. Сосын ең қызығы, сыйлықты компания басшылары қызметкерлерге жасады. Жыл бойы жақсы жұмыс істеген адамдарға қаржылай сыйлық берді. Кейбір кісілерге Антальяға демалуға жолдама берді. Алғандар да мәз, алмағандар да келесі жылы аламыз-ау деп мәз. Яғни, сыйлық беру мен тост айту - мойындағы бір міндет болып тұр қазір. Сол шаршатады" деп пікір білдірді.
Ал сіз не ойлайсыз?
Айбын Алтай
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан