- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматылық ару бірінші...
Алматылық ару бірінші кездесуде қайтыс болған: күдікті 2,5 жылға сотталды
Алматыда ер адаммен бірінші кездесуде қаза тапқан қыздың өліміне қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға былтыр 16 қазанда болған. Айнагүл Кенчебаева ер адаммен танысып, кездесуге шыққан. Бастапқыда екеуі жақсы әңгімелесіп отырған, артынша екеуінің арасында жанжал шыққан.
"Кафеде отырған адамдар ер адам қызды сыртқа шығарып кеткенін көрді, алайда ешкім араласқысы келмеген. Қазір сол кезде нақты не болғанын ешкім білмейді, бірақ 20 минуттан кейін полицейлер қыз мерт болғанын анықтаған", - дейді оқиға туралы баяндаған журналист.
Артынша ер адам кездесуге келген қызды арыққа итеріп жібергені белгілі болды. Қыз құлаған кезде басынан алған жарақаттардан қайтыс болған.
Іс қайта қарастырылып, ер адам қылмыстық кодекс бойынша қарастырылған бап өзгертіліп, ол 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина