Алматылық 6 жасар бала ағылшын тілінде ғана сөйлейді

6 жасар алматылық Нұрасыл тек ағылшын тілінде сөйлейді. Ол орыс, қазақ тілдерін толық түсінбейді, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".

Телеарна мәліметінше, ол әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдармен ойын ойнау арқылы ағылшын тілін үйренген.

@abuamery

♬ оригинальный звук - amerkhancom

Баланың ата-анасы оның мұғалімдерімен қалай сөйлесетініне алаңдайды. Сондай-ақ, ағылшын тілі 1-сыныптан бастап оқытылмайтыны туралы жаңалыққа да таңырқаған. Нұрасылдың әкесі Дархан Жүнісбаев бірнеше органға баласын ағылшын тілді мектепке беру туралы өтініш жазған. Өйткені жеке мектепке беруге ата-анасы қаржы жағынан қиналады. Дегенмен мардымды жауап алмаған.

"Нұрасыл шамамен 4 жасында барлық бала секілді мультфильм қарап, ойын ойнады", - деді баланың әкесі Дархан Жүнісбаев.

Баланың ата-анасы болашақта оның аудармашы болатынына үміттенеді. 

Желі қолданушылары кішкентай бүлдіршіннің бұл қабілетіне таңданыстарын жасырмаған. Сондай-ақ, пікір жазғандардың бірінің сөзінше, бала оның туысы болып келеді әрі ол өте қабілетті.

"Пікірлерге қарасақ, ересектер жағы қызғанып отыр, керісінше ол жарап тұр, оның үстіне кішкентай, орыс, қазақ тілдерін оңай үйреніп алады, қабілеті бар", "Ол үйреніп алады! Сөйтіп, үш тілде еркін сөйлейді", "Алланың әркімге бермейтін сыйы бұл", "Бұл керемет, ол өз тілін оңай үйренеді. Ол әлі бала, олар тез үйреніп алады. Басқа тілдерді білгені керемет", - дейді пікір білдірушілер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!