Алматыға ірі көлемде есірткі жеткізбек болғандар ұсталды

Алматыға ірі көлемде есірткі жеткізбек болғандар ұсталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында полиция Алматыға ірі көлемдегі есірткі жеткізу арнасын жойды. Шу ауданында Түркістан облысының және Алматы қаласының 2 тұрғыны жабайы қарасораны дайындау және жинау кезінде ұсталды.

Полиция қызметкерлері 27,5 келі каннабис өсімдіктері мен 4,7 келі кептірілмеген марихуана тәркіледі.

"Ұсталған адамдар – бұрын сотты болғандар. Олар өз кінәсін толық мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу аяқталғаннан кейін іс материалдары сотқа жолданады", – деді облыстық ПД ЕҚҚК басқармасы бастығының м.а. Асқар Жұмабеков.

Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында есірткі таратып жүрген адам ұсталғаны хабарланды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!