Алматыда қар жауып, жаяу бұрқасынның жүруіне байланысты Алматы - Қорғас тас жолының бір бөлігі жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мәліметінше, 2023 жылы 9 желтоқсанда сағат 02:00-ден бастап ауа райының нашарлауына, яғни қар жауып, боран соғуына байланысты республикалық маңызы бар "Алматы-Шелек-Қорғас" тас жолында 24-254-ші шақырымдары, яғни Өтеген батырдан Айдарлы ауылдарына дейінгі аралық көліктің барлық түрлері үшін жабық.
"Қазгидромет" РМК болжауынша түнде қар ұшқындайды, ал 9 желтоқсанда таңнан бастап сағат 15:00-ге дейін биіктігі 8 мм қар жауады. Желдің екпіні 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -7 градусқа дейін суытады, 9 желтоқсанда термометр бағаны минус 4 градусты көрсетеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!