Қостанай облысында 26 сәуірде жоғалып кеткен 21 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алау" басылымына сілтеме жасап.
Басылым "Дос" іздестіру-құтқару жасағы еріктілерінің мәліметін келтіреді.
Олардың мәліметінше, Роман Юрцевич Қостанайдан Алматыға жұмысқа аттанып, содан бері байланысқа шықпаған. Оның қасында Пума есімді иті болғаны айтылады. Жануардың мойнында алтын түсті қарғыбауы болған.
Ер адамның белгілері: дене бітімі орташа, бойы шамамен 180 сантиметр, көзі көк. Оң аяғында жылан оралған бас сүйек бейнесіндегі татуировкасы бар.
Жігіттің қайда екені осы уақытқа дейін белгісіз.
Еріктілер қандай да бір ақпарат білетін жандардан 102 телефонына хабарласуды сұрайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!