Қостанай тұрғыны эвакуатормен Алматыға жіберген автокөлігінің жолда жоғалып кеткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі sinegor.kz-ке сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, 11-12 қазанға қараған түні Көкшетау маңында белгісіздер көлікті автовоздан түсіріп әкеткен. Ақмола облысының полицейлері іс бойынша қылмыстық тергеу басталғанын айтты.
Қостанайлықтың айтуынша, көлік Костанайдан Алматыға автовозбен жіберілген, тіпті жөнелту сәтінің видеосы бар. Алайда межелі жерге жетпеген. Бақылау камералары көліктің қалаға кіргенін тіркеген, кейін одан шығуы анықталмаған. Сондай‑ақ, Көкшетау аумағында Ақмола облысының жалған не өзгертілген нөмірлерімен жүруі мүмкін. Иесі полицияға арыз бергенімен, әзірге айтарлықтай нәтиже жоқ екенін айтады.
Көкшетау қалалық полиция басқармасының мәліметінше, Қостанай тұрғыны өзіне қатысты жасалған алаяқтық әрекет туралы жедел ақпарат берген. Қазанда ол мобильді қосымша арқылы эвакуатор жүргізушісін тауып, көлігін Костанайдан Алматыға жеткізуді тапсырған. Алайда арнайы техниканы жүргізген ер адам өз міндеттемелерін толық орындамаған. Қылмыстық іс Қостанай облысының бір ауданында тергеліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!