Алматы әуежайында кондитерлік өнім деген сылтаумен Италиядан жіберілген құмырсқалар салынған шыны түтіктер анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл - тірі жәндіктер салынған жеті шыны түтік пен 22 пластик ыдыс.
Шетелден мұндай жүк қандай мақсатпен әкелінді? Әлеуметтік желіде қазақстандықтар осы сұрақты қойып жатыр. Кейбірі конспирологияға негізделген пікірлер де жазып, бұған өзгелері де лайк қойып жатыр.
Мемлекеттік кірістер комитеті жүкті алушы құмырсқаларға "тек зерттеу мақсатында" тапсырыс бергенін хабарлады.
"Құмырсқалар улы емес, яғни ғылыми мақсатта тасымалданған. Алушының айтуынша, ол бұл жәндіктерді өсірумен және зерттеумен айналысады. Материалдар Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне берілді. Қазіргі уақытта бұл адамның әрекетінде қандай да бір қылмыстық құқық бұзушылық туралы белгі жоқ", - деп түсіндірді Мемлекеттік кірістер комитеті.
Ведомство жақын арада оқиғаға қатысты қосымша ақпарат беретінін де хабарлады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз