Алматыға басқа өңірлерден қосымша күштер тартылды: мыңға жуық көлік айып тұрағына қойылған

Алматыда бір тәулікте 2 мыңнан аса заңбұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1 сәуірден бастап жол жағдайын тұрақтандыруға және құқықбұзушылық деңгейін төмендетуге бағытталған "STOP бұзушылық" атты іс-шара өткізіліп жатыр.

Іс-шараның алғашқы күні жол ережесін бұзудың 2 200-ден аса дерегі анықталған. Негізгі назар өрескел құқықбұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған.

"Мас күйде көлік басқару, қарсы жолаққа шығу және жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндеу деректері тіркелді. Электрсамокат пайдалануға ерекше көңіл бөлінді. Бір тәулік ішінде 400-ге жуық құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде кәмелетке толмағандар бар. Нәтижесінде ата-аналарына тиісті шара қабылданды", - деді Алматы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалым Сарғұлов.

Сонымен қатар, мыңға жуық көлік арнайы айып тұрағына қойылған.

Еске салайық, бұған дейін іс-шараға Астана қаласынан, Ақмола, Қарағанды және Жамбыл облыстарынан келген қосымша күштер тартылғаны хабарланды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!