Алматыға LRT керек - Досаев

Алматы әкімі Ерболат Досаев қалаға LRT салуға қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz

"Алматыға LRT керек. Алматыда Төле би көшесінің бойында алдында салынған трамвай жолдары бар. Орны қалды. Оны дамытуға мүмкіндік бар. Бірақ халықпен кездесуімде шешімді қазанның басына дейін қабылдаймыз деп айтқан болатынмын. Себебі бұған дейін Алматыда LRT-ге қатысты 2-3 жоба жасалған еді. Бағасына, мүмкіндігіне қараймыз. Бірақ Алматыға LRT керек деп ойлаймын", - деді әкім ОКҚ брифингінде.