Алматыдан Малайзияның танымал аралына тікелей рейс ашылады

Алматы мен Лангкави арасында әуе қатынасы ашылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Көлік министрлігі мәліметінше, 25 желтоқсаннан бастап Air Astana әуе компаниясы Алматы - Лангкави (Малайзия) бағыты бойынша тікелей рейстерді орындауды жоспарлап отыр.

"Рейстер аптасына үш рет Airbus A321neo әуе кемелерімен орындалады", - деді Көлік министрлігі өкілдері.

Жаңа бағыт ашылуы Қазақстанның халықаралық әуе қатынасын кеңейтуге және Малайзиямен туристік байланыстарды дамытуға ықпал етпек.

Айта кетейік, Қазақстан азаматтарына Малайзияға 30 күнге дейін визасыз кіруге болады. Ал Лангкави - Андаман теңізіндегі танымал курорттық архипелаг. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!