Шығыс Қазақстан облысында полицейлер жолда қалған жүргізушіге дереу көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматыдан жолға шыққан ер адам Шемонаиха қаласының (Шығыс Қазақстан облысы) аумағында көлігі қар құрсауында қалып, өздігінен шыға алмаған.
Полиция қызметкерлері жолда тұрған көлікті байқап, не болғанын сұрау үшін көлікке жақындап, кейіннен жүргізушіге көмектескен.
"Жолға құм сеуіп, сүт таситын көлікті қардан шығаруға бар күшін салған. Жүргізуші патрульдік полиция қызметкерлеріне жанашырлығы мен жедел әрекет еткені үшін алғысын білдірді", - деп хабарлады полиция.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз