- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыдан бірнеше шақырым...
Алматыдан бірнеше шақырым жерде тағы жер сілкінісі болды
Фото:
depositphotos.com
Алматыдан 271 шақырым жерде, Қытай аймағында тағы бір жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сейсмикалық станциялар желісінде сағат 14.03-те жер сілкінісі тіркелген.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 271 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.4.
MPV магнитудасы 4.7.
Эпицентрдің координаттары 41.12° С. Е. 78.60° ш. б.
Тереңдігі 10 шақырым.
Жер сілкінісі сезілгені туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): ҚР аумағында сезілмеген.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда түнгі уақытта 2 балдық жер сілкінісі болғаны хабарланған еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина