Қытайда тағы да жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жерасты дүмпуін 3 ақпанда Астана уақытымен 14:36-да тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан - афтершок. MPV магнитудасы - 5,3", - делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілгені туралы мәлімет жоқ.
Алматыдағы жер сілкінісі: сапасыз салынған тұрғын үйлерге кімдер жауапты?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!