Алматыдан 712 шақырым жерде жер сілкінді

Қазақстандық сейсмологтар Астана уақыты бойынша 15 желтоқсан сағат 01:42-де жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 712 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан", - делінген хабарламада.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің координаттары солтүстік ендік 38,083 градус және шығыс бойлық 71,849 градус, тереңдігі 180 шақырым болған.

Қазақстанда жерасты дүмпуі сезілмеген.

Еске салайық, бұған дейін ҚР ТЖМ Сейсмологиялық зерттеу институты ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 9 желтоқсанда 08:24-те жер сілкінісін тіркегенін хабарлаған едік.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз